Қалай төлем жасау керек?

Тапсырыс үшін төлеу интернет арқылы тікелей сіз таңдап алған интернет-дүкендегі тапсырыс рәсімделгеннен кейін жасалады. Processing.kz жүйесі төлемді төлем картасы арқылы жасауға мүмкіндік береді:

Төлем картасымен онлайн-төлем жасаудың тәртібі:

  1. Сіздің төлем карточкаңыз интернетте төлем жасауға арналған-арналмағанын тексеру керек (ол үшін банк-эмитентпен байланысу қажет).
  2. Интернет-дүкеннің төлем бөліміне кіріп, «Төлеу» батырмасын басу керек.
  3. Интернет-дүкен сізді Processing.kz компаниясының төлем серверіне қайта бағыттайды.
  4. Сіздің браузеріңізбен Processing.kz төлем сервері арасындағы қосылу қорғалған протокол бойынша жұмыс істейді (SSL 3.0). Браузердің мекен-жай жолындағы мекен-жайы https//:рayment.processinggmbh.ch -ке сәйкес келетіндігін және осы бетке көшер кезде сіздің браузеріңіз қателіктер туралы ешқандай мәлімет бермегенін міндетті түрде тексеріңіз.Төлем бетінде сіз өзіңіздің банктік карточкаңыздың деректерін еңгізесіз, атап айтқанда, карточкаңыздың нөмірін, карточкаңыздың ақырғы қолдану күнін, карточкаңыздың және CVV2/CVC2 кодын (ескерту:CVV2/CVC2 – cіздің карточкаңыздың сырт жағындағы үш таңбалы коды). Ешбір жағдайда Processing.kz сіздің PIN кодыңызды сұрамайды. Сіздің төлем карточкаңыздағы деректерді енгізгеннен кейін «Төлеу» батырмасын басыңыз, Processing.kz-тің төлем сервері қабылданған мәліметті алдын-ала өңдеуге кіріседі. Ескерту: егер біздің жүйеміз сіздің карточкаңыздың 3-D Seсure бағдарламасына қатысы барын анықтаса, біз сізді сіздің банк-эмитентіңіздің арнайы серверіне қайта бағыттаймыз, сіз онда картаңыздың интернет-паролін енгізуіңіз керек. Интернет-парольді енгізгеннен кейін сіздің банк-эмитентіңіз сізді қайтадан серверімізге бағыттайды, ал біз банк жүйесіне сіздің карточкаңызды авторластыруға сұрату жібереміз.
  5. Банк жүйесінде ойдағыдай қуаттанған кейін біз сізді қайтадан интернет-дүкенге бағыттаймыз,онда сіз ойдағыдай қуаттанғаны жөнінде растаушы дәлел аласыз. Бұл растауды міндетті түрде сақтаңыз немесе ашыңыз,ол даулы мәселені шешу үшін қажет болуы мүмкін.
  6. Авторизация ойдағыдай болмаған жағдайда,біз сондай-ақ сізді дүкенге қайта бағыттаймыз,онда сіз авторластыруды аяқтауға мүмкіншілік жоқ екендігі туралы мәліметті көресіз.Ол бірқатар себептерден болуы мүмкін:
  • карточкада жеткілікті соманың болмауынан;
  • Сіздің карточкаңызды шығарған банктің Интернеттегі операцияларға шектеу қоюы немесе құрсаулауы (авторластырудан бас тарту себебін анықтау үшін банкіңіздің call-орталығына телефон шалуыңызға болады);
  • Егер сіз банктің VbV/SeсureCode бағдарламасына қатысуға жазылған болсаңыз және қате интернет-пароль енгізген болсаңыз,сіздің банкіңіз сіздің сатып алған затыңызды авторластырудан бас тартуы мүмкін.
Авторизациядан бас тарту себебіне орай мәселені шешу жолында төмендегідей мүмкіндіктеріңіз бар:
  1. Кейінірек төлем жасау әрекетін қайталау;
  2. Түсініктеме алу үшін банк-эмитентке жүгіну;
  3. Банкпен мәселені шеше алмаған жағдайда,басқа банкпен эмиссия жасалған картаны пайдаланып төлем әрекетін қайталау.